Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО коронавирус стационарларында жүктеме 11% жетті

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 13:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус науқастарына арналған стационарларда төсек-орын жүктемесі 11%-ды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 169 адам тіркелді.

Оның ішіндегі 143 науқаста симптом бар болса, 26 адам сырқатты симптомсыз өткеріп жатыр.

«Бір күнде 13 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 169 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 11 пайыз», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 1142 адам коронавирустан емделіп шыққаны хабарланған.


Жоғары қарай