Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-ның Абай ауданында 32 пәтер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға берілді

2021 жылдың 12 қаңтар 2021 22:14

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында екі пәтерлі 16 үйдің құрылысы аяқталып, 32 пәтер көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға берілді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, берілген үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақ басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Бір қабатты шығыс» өңірлік жобасы негізінде салынған.





Сонымен қатар, Қарауыл ауылындағы көп жылдар бос тұрған көппәтерлі 2 тұрғын үй жөнделіп, қалпына келтірілді. 15 пәтер ауылдағы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға табыс етілді.

«Жиыны 47 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар баспаналы болды. Бұл пәтер иелерінің ғана емес, күллі Абай жұртшылығының ортақ қуанышы»,-делінген хабарламада.








Жоғары қарай