Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО: Өсімдік шаруашылығын дамыту - басты назарда

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 08:34

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға баса назар аударылған.

«Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперавтивтерін құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Басты мақсат – жекеленген ауыл шаруашылықтарының басын қосып, бәсекеге қабілетті өнім шығару. Ірі агроқұрылымдарға мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Бүгінде өңірде өсімдік шаруашылығын дамытуға ерекше ден қойылып отыр. Әсіресе, күнбағыс өңдеу мен майлы дәнді-дақылдардың түр-түрін арттыруға баса назар аударылған.

Соған орай, ірі өңдеу кәсіпорындары салынып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың жаңа бағдарламасы әзірленуде. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру үшін қытайлық серіктестермен белсенді жұмыс жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да биыл жүгерінің егіс алқабы 3 мың гектарға артқаны хабарланған болатын.


Жоғары қарай