Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО полицейлері бес күн ішінде 105 қылмысты ашты

2021 жылдың 27 шілде 2021 14:08

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы барысында 6 000-нан астам заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 күн ішінде 105 қылмыс ашылды. Оның ішіндегі 55-і бұрын жасалған қылмыстар. Сонымен қатар іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталған.

«Облыс бойынша «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы барысында 6 000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, 837 ұсақ бұзақылық, 1328 қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде болу фактілері тіркелген. 1130 адам тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауапқа тартылды. Жалпы есепте тұрған 5,5 мыңнан астам адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, заңсыз айналымнан 18 қару тәркіленді. Мәселен, 23 шілдеде криминалдық полиция қызметкерлері Өскемен қаласының көшелердің бірінде 41 жастағы ер адамды тоқтатты. Оның саяжайын тінту барысында баспалдақтың астынан пакетке салынған «Победа» травматикалық тапаншасы табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар мас күйде көлік тізгіндегені үшін 61 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған. Тәртіп сақшылары есірткі заттарын сақтаудың 9 фактісін анықтап, 1,3 келіден астам есірткіні тәркіледі.


Жоғары қарай