Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО Полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 16:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің бастығы болып Серік Жүнісбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің бастығы лауазымына Серік Жүнісбеков тағайындалды.

Серік Тұрсынәліұлы 1981 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2005 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысы ІІБ 2-ші полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінде бастады. Қызмет еткен жылдары әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Оның ішінде Жамбыл облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Академиясы бастығының орынбасары.

Жоғары кәсіби қасиеттері үшін 2019 жылы Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалған. 2021 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып еңбек етіп келеді.





Жоғары қарай