Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО соты есірткі саудалаған Жамбыл облысының 2 тұрғынын 11 жылға соттады

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 03:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында есірткі тасымалдау каналын ұйымдастырған Жамбыл облысының 2 тұрғыны түрмеге қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдың қазан айында ШҚО Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласында есірткі тасымалдау каналын ұйымдастырып, марихуана саудасымен айналысқан 2 күдіктіні ұстаған болатын. Жамбыл облысының тұрғындарынан жалпы құны 4 млн теңгені құрайтын 69 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленген.

Сонымен қатар осы жылдың наурыз айында тәртіп сақшылары Риддер қаласында есірткі саудалаған ер адамды ұстады. Одан 43 келіден астам марихуана табылған.

«ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 3 айыпталушы да ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, әрқайсысы 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар өз жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейді», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.


Жоғары қарай