Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО трассаларында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

2021 жылдың 15 қараша 2021 20:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін сағат 19:40-тан бастап көктайғақ және жолдағы қауіпке байланысты «Өскемен – Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының келесі учаскелерінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Атап айтқанда:

- 15-102 шақырымдағы учаскеде (Глубокое бұрылысынан - Шемонаиха кентіне дейін);

- 105-123 шақырымдағы учаскеде (Шемонаиха кенті - РФ шекарасы)


Жоғары қарай