Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО трассасында сырт киімі жоқ бала табылды

2020 жылдың 30 қараша 2020 12:38

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында трассадан жасөспірім бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 28 қарашада сағат 16.28-де «102» арнасына қоңырау шалған тұрғын Қарағайлы көшесінде орналасқан жаңа спорт кешені маңындағы тасжолдың бойында сырт киімсіз кетіп бара жатқан жасы 12-лер шамасындағы бала туралы айтқан.

Анықталғандай, жеткіншек церебралды сал ауруымен ауырады. Анасы үй жинап жүрген кезде ол сыртқа шығып кеткен.

Семей қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жандарбек Ахметжанов баланы байқап қалып, немқұрайлық танытпай полиция хабар бергені үшін В.Дубербаеваға алғыс білдірді.




«Біздің қоғамда осындай жандардың бар екендігі қуантады. Балалар – біздің болашағымыз. Сол күні осы жеткіншектің маңынан қанша көлік өтсе де, ешкім тоқтамаған. Ал В.Дубербаева адамгершілік танытып, оған көмектескісі келді», - деді полиция подполковнигі Ж.Ахметжанов.





Жоғары қарай