Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО тұрғындарына инвестициялық жоба ұсынған алаяқ 200 млн теңге пайда тапқан

2020 жылдың 28 қазан 2020 22:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары алаяқтың арбауына ілігіп, 200 млн теңге шығынға батқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тергеу басқармасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қарауда. Күдікті ретінде Аягөз қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталған. Анықталғандай, алаяқ жұртты инвестициялық жобалардан пайда табуға шақырып алдаған.

Осылайша оның арбауына 35 адам түскен. Жәбірленушілерге келген материалдық шығын мөлшері 200 миллион теңгеден асады.

«Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізуде. Соның нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.


Жоғары қарай