Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шығыс Қазақстан облысында 3 адамды кене шаққан

2020 жылдың 8 сәуір 2020 22:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 3 адамды кене шаққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылдағыдай сәуір айынан шығысқазақстандықтар кене шағуына байланысты дәрігерлердің көмегіне жүгіне бастайды. Бүгінде Өскемен қаласында – 2, Алтай ауданында 1 адам қансорғыштардан зардап шеккен.

«Өңірімізде кене энцефалитімен ауырмас үшін салдыратын вакцина бар. Жыл сайын облыста бұл жәндікке қарсы іс-шаралар сәуір айының үшінші онкүндігінде бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Сонымен қатар кене таралатын аумақтарға дәрі себіледі», - деп хабарлады ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары.

Бұл бағыттағы жұмыстар Өскемен және Риддер қалаларында, Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан және Шемонайха аудандарының жекелеген аймақтарында жүргізілмек.


Жоғары қарай