Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО тұрғындарынан заңсыз сақталған 16 қару тәркіленді

2021 жылдың 21 мамыр 2021 20:48

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері «Қару» жедел алдын алу шарасын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шара барысында тәртіп сақшылары 2197 азаматтық қару иесіне тексеру жүргізді. Сондай-ақ 9240 шаруа қожалығы мен 179 жайылым учаскесі тексеруден өткен. Соның нәтижесінде, заңсыз сақталған 16 қару тәркіленді.

«Полиция қызметкерлері 55 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабына сәйкес (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін) – 14, 484-бабы (сақтау қағидаларын бұзғаны) үшін – 45, 486-бап (қайта тіркеу қағидаларын бұзу) бойынша – 10. Барлық хаттамаларды аумақтық бөлімшелердің учаскелік инспекторлары толтырды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ», - деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтан 380 келіден астам есірткі тәркіленгенін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай