Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО тұрғыны марал атқан

2020 жылдың 3 шілде 2020 16:31

ЗАЙСАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанда маралды атқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция 27 маусымда Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округінің «Ақжал» учаскесінде жабайы жануарды атқан ер адамды ұстағанын хабарлады.

«Машинасын тінту кезінде «Нива» көлігінің салоны мен жүк салғышынан жабайы маралдың еті, терісі, мүйізі мен басы табылды. Сондай-ақ, жануарды атқан «КО-44» маркалы иір ойықты мылтық тәркіленді», - деп түсіндірді ШҚО ПД-дан.








Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі «Заңсыз аң аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр.

Авторы: Орал Ерланұлы


Жоғары қарай