Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 14:03

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 56 жастағы ер адам үйде қолдан қару жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке іліккен азаматтың үйінде тінту жүргізді.

Соның нәтижесінде, 56 жастағы ер адамның үйінен 100-ден астам оқ-дәрі мен 6 түрлі қару тәркіленді. Оның ішінде 5,6 мм калибрлі патронмен ататын қолдан жасалған тапанша мен мылтық, 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы тіркелмеген мылтықтар бар.

«Ер адамның айтуынша, ол тәркіленген қарудың бірнешеуін үйде қолдан жасаған. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.


Жоғары қарай