Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шорт-трек: Жапонияда жақсы нәтижеге қол жеткізгіміз келеді – Мәдіғали Қарсыбеков

2019 жылдың 26 қараша 2019 22:10

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Шорт-тректен Қазақстан құрамасы 29 қараша – 1 желтоқсан аралығында Нагояда (Жапония) өтетін әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбековтің айтуынша, Жапонияда ерлерден 6, әйелдерден 2 шорттрекші ел намысын қорғамақшы.

Атап айтқанда, Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали және Еркебұлан Шамуханов жарыс жолына шығады. Қыздардан Ольга Тихонова мен Алена Волковицкая сынға түседі.

«Абзал Әжіғалиев пен Ерекбұлан Шамуханов жақсы нәтиже көрсете ме деп ойлаймыз. Мүмкін, ерлер құрамасы 5 мың метрлік эстафетада көзге түсіп қалар. Қыздардан Тихонова мен Волковицкаяны әлем чемпионатына рейтингтік ұпай жинау үшін және аралас эстафетаға алдық. Анастасия Крестова мен Әлия Ким жарақаттарын емдеп жатыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы М.Қарсыбеков.

Содан кейін 6-8 желтоқсан аралығында Шанхай қаласында әлем кубогының төртінші кезеңі өтеді. Қазақстандықтар онда да бақ сынамақшы.

Биыл АҚШ-та өткен әлем кубогы кезеңінде Абзал Әжіғалиевтің 500 метр қашықтықта қола жүлдегер атанғаны белгілі.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай