Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Шу қаласы карантинге жабылатыны жалған - әкімдік

2020 жылдың 29 наурыз 2020 02:14

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Шу қаласы карантинге жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Шу қаласы карантинге жабылатындығы туралы жалған ақпарат тарады. Осыған байланысты қала әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдеді.

«Құрметті қала тұрғындары, карантинге байланысты негізсіз ақпараттарға сенбеулеріңізді және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай