Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шу тұрғынынан 5 келіге жуық «гашиш» табылды

2021 жылдың 12 қыркүйек 2021 02:37

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мойынқұм ауылынан 5 шақырым жерде Шу қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады, одан тінту барысында жалпы салмағы 4 келі 704 гр «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді.

– Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.


Жоғары қарай