Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шуда «Қыз ұзату» жасаған мектеп директоры жазаланды

2020 жылдың 21 шілде 2020 19:24

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында карантин кезінде «қыз ұзату» тойын жасаған мектеп директоры жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында мониторингтік топ Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде жаппай отбасылық салтанатты шараның өткізілуі туралы бейнежазбаны анықтаған.

Шу ауданының әкімдігі полиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті бірлесіп жүргізген тексеріс барысында бұл факті ағымдағы жылдың 26 маусым күні орын алғандығы расталды.

Ол бойынша карантин режимін бұзып, іс-шара ұйымдастырғаны үшін ауданның 42 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынды.

Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастырушы Шу ауданы Төле би ауылындағы оқу орындарының бірінде директор болып қызмет ететіні белгілі болды. Бүгін ол кезекті еңбек демалысында. Демалыс аяқталғаннан кейін тәртіптік комиссиямен оның атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады.
Бұдан бөлек, іс-шара өткен мекеме де анықталды. Мекеме иесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.


Жоғары қарай