Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Шүлбідегі өрт бір адамның өмірін қиып кетті, 25 адам эвакуацияланды - ШҚО

2020 жылдың 21 мамыр 2020 12:02

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі кентінде көп қабатты үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4-қабаттағы пәтерден будақтап шығып жатқан түтінді көрген көршілер шұғыл өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалған. Оқиға орнына 3 минут ішінде келіп жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерде ес-түссіз күйде жатқан үй иесін сыртқа шығарды. Оның тамыр соғысы болмағандықтан тірілту амалдарын жасаған, алайда келіп жеткен ауылдық фельдшер 1972 жылы туған еркектің көз жұмғанын анықтады.

Өрт сөндірушілер түтін басқан үйден тұрғындарды тездетіп сыртқа шығарды. Барлығы 25 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.

Болжам бойынша, өрт отты абайсыз пайдалану және мас күйде темекі шегуден болған.

Айта кетер болсақ, облыс бойынша жыл басынан бері өрт кезінде 12 адам құтқарылған, 28 адам көз жұмды, 340 адам эвакуацияланды.


Жоғары қарай