Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шуша қаласы Әзербайжанның мәдени астанасы болып жарияланды

2021 жылдың 7 мамыр 2021 16:41

БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ-ҚазАқпарат - Әзербайжанның Шуша қаласы елдің мәдени астанасы деп жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Шуша Әзербайжанның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқаратын тарихи-мәдени орталықтардың бірі болған. 1977 жылы Шушаның тарихи бөлігі тарихи-архитектуралық қорық деп жарияланды. Соның нәтижесінде қаладағы тарихи ескерткіштерді қорғау және мәдениет және өнер қайраткерлерінің есімін есте сақтау мақсатында маңызды қадамдар жасалды.

Дегенмен, 1992 жылғы 8 мамырдан 2020 жылғы 8 қарашаға дейін Шуша Армения қарамағында болды.

Бүгін, 7 мамыр күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шушаны мәдени астана деп жариялау туралы арнайы қаулыға қол қойды.

«Шушаның әзербайжан халқы үшін тарихи-мәдени және рухани маңызы зор, сондықтан қалаға ерекше қамқорлық керек. Осы ретте Шушадағы мемлекеттік және құқықтық реттеуді әрі қарай жетілдіре түсу шаһардағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіріп, сақтау ғана емес, оны әрі қарай дамытуға жағдай жасайды» делінген қаулыда.





Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Әзербайжан, Мәдениет,
Жоғары қарай