Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Швецияда сұрапыл дауыл он мыңдаған үйді жарықсыз қалдырды

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 21:59

СТОКГОЛЬМ. ҚазАқпарат - Сұрапыл «Малик» дауылы бүгін Швецияның оңтүстігіндегі Скане провинциясы мен елдің батыс жағалауында инфрақұрылымға зақым келтіріп, ондаған мың үйді электр жарығынсыз қалдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Швеция радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Дауыл сенбі күні кешке Швеция жағалауын басып өтіп, артынан шығысқа қарай жылжыды. Кей жерлерде 38,9 м/с-қа жеткен қатты жел ағаштарды құлатты. Бірқатар жергілікті электр компанияларының мәліметінше, жексенбі күні таңертең шамамен 40 000 үй электр жарығынсыз қалған.

Дауыл Стокгольм маңында орналасқан елдегі ең ірі Арланда әуежайынан рейстердің кешігуіне әкелді.

Батыс жағалаудың көптеген аудандарында, Скане провинциясында және Смаланд провинциясының оңтүстік-батыс бөлігінде қауіптілік деңгейі әлі де жоғары. Готланд аралында және Аппланд тарихи провинциясының жағалауында да дәл осындай жағдай қалыптасып отыр.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем, Әлем барысы,
Жоғары қарай