Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шы­дам­ды­лық танытсақ, біз күткен жақ­сы күн­дер ертерек туа­тыны анық - Төрегелді Шарманов

2020 жылдың 21 шілде 2020 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Каран­тин талаптарын орындап, тәртіпке бағынсақ, шы­дам­ды­лық танытсақ, біз күткен жақ­сы күн­дер ертерек туа­тыны анық. Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов айтты. ҚазАқпарат «Egemen Qazaqstan» газетіне сілтеме жасап академиктің пікірін толық ұсынады.

***

Біз қазақ басымыздан талай қиын-қыстау кезеңдерді, оқиғаларды өткіздік. Қазір жасы тоқсанға келіп отырған менің өзім ашаршылықтың, соғыстың куәгерімін.

Сол нәубеттер кезінде ет жа­қын­дарымыздан айырылдық. Тек Екінші дүниежүзілік соғыс­тың өзінде қаншама қазақ қы­надай қырылды. Бірақ біздің халық қандай ауыр кезең­дерде де адамгершілікті сақтай білгенін ұмытпауымыз керек. Өз басына күн туған кезеңдер­де де басқаларға қол ұшын со­зуды адамдық парыз деп есеп­теді. Қазақтың өзге ұлттарға пана болғанын айтпай-ақ, тек «Ле­нинградтық өренім» дейтін Жам­был атамыздың әйгілі жы­рын еске түсірсек те жеткі­лікті. Сол жырдың мыңдаған ле­нин­градтыққа күш бергені, жұбатқаны, бейбіт өмірге тал­пындырғаны күні кешегідей есімізде.

Отандастарымды, жалпы ба­уырларымды осы қа­уіп­ті әрі қатерлі індет кезін­де сабыр сақтауға шақы­ра­мын. Ең алдымен жасы үл­кен ата-әже­леріңді, ба­ла-шаға­ларың­ды қор­ғап, олардың өмір­іне қа­уіп төн­дірмеңдер дегім ке­леді. Каран­тин талаптарын орындап, тәртіпке бағынсақ, шы­дам­ды­лық танытсақ, біз күткен жақ­сы күн­дер ертерек туа­тыны анық. Иә, ол біздің са­бырымызға, төзім­імізге байланысты болып тұр. Басқа түскен қиындықты сабырмен ғана жеңе­міз. Бұл жағ­дай тек біздің емес, дүние­­жү­зі халықтарының басынан өтіп жатыр. Сол үшін бірін­ші кезекте азамат­тық қадір-қа­сиетімізге көлеңке түспесе екен. Отандастарыма да осыны тілей­­мін. Ет жақындарымызды да ба­рынша қор­ғайық, азамат­ты­ғымызды да жоғалт­пайық.

Мұндай қиын-қыстау шақ­та мемле­кетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңі­регіне топтасып, тығы­рық­тан шығу жолдарын бірлесе іздеге­німіз жөн деп білемін.


Басты сөздер: Карантин, Қоғам,
Жоғары қарай