Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімі ауысты

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 16:36

БОРОДУЛИХА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімі болып Бичуинов Кинугул Қашкенұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кинугул Қашкенұлы 1963 жылы 15 маусымда Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында дүниеге келген. Н.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын «орта мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» және Қазақстан-Америка еркін университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы тамызда Бородулиха ауданындағы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының төрағасы болып бастады. 1986 жылдың маусымынан 1988 жылдың қыркүйегіне дейін - Бородулиха аудандық атқару комитеті әкімшілік комиссиясының жауапты хатшысы. Жеті жыл бойы аудан орталығындағы мәдениет бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.

11 жыл бойы Бородулиха ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымын атқарды. 2006 жылдан бастап - Бородулиха ауылдық округі әкімінің орынбасары. 2013 жылдың қазан айында Бородулиха ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдан бастап бүгінге дейін Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін сондай-ақ Риддер қаласының әкімі ауысқан болатын.





Жоғары қарай