Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстан облысында мәдениет үйі өртенді

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 12:11

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында екіқабатты мәдениет үйі ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 желтоқсан күні таңертең Сегізбай ауылындағы мәдениет үйін қызыл жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ағаш шатыр құрылымдары өртеніп жатты.

«50 минут ішінде жалпы ауданы 160 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына пешті орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖ департаменті өңір тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, барынша абай болу керектігін ескертеді.


Жоғары қарай