Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстан облысында марал атқан браконьер ұсталды

2021 жылдың 4 қазан 2021 09:48

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында марал атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері, «Охотзоопром» РМҚК өкілдері, ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары бірлескен рейд жүргізді.

Шара барысында Көкпекті ауылдық округіндегі Толағай тауының маңында келе жатқан автокөлік тоқтатылған.

Тексеру барысында ауыл тұрғыны тізгіндеген көлік салонында марал еті табылды.

«9 қап ет, «Вепрь 308» маркалы карабин атыс қаруы, 10 оқ, маралдың 2 мүйізі, пышақ және балта тәркіленді. Ер адамның жабайы аңды атуға рұқсат қағаздары болмаған», - деп хабарлады ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігіне (заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жоғары қарай