Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 16 жасар бозбала табылды

2021 жылдың 26 мамыр 2021 21:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен бозбаланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 мамырда түнгі сағат 2:30-да «102» жедел арнасына хабарласқан 38 жастағы әйел кәмелет жасына толмаған ұлының жоғалып кеткенін айтқан.

Өз сөзінде ол баласының сағат 19.00 шамасында үйден шығып кетіп сол күйі қайта оралмағанын жеткізді.

«Тәртіп сақшылары жедел 16 жастағы бозбаланы іздеуге кірісті. Бірнеше сағат бойы полицейлер жасөспірімнің туыстары мен достарының үйлеріне барып, көшелерді аралады. Жақын маңдағы елді мекендерді және Ертіс өзенінің жағалауын жіті тексерді. Нәтижесінде, 2 сағаттан кейін бозбала табылды. Ол досының үйінде болған» делінген хабарламада.

Жасөспірімнің денсаулығына ешқандай зақым келмеген. Қазіргі уақытта ол ата-анасына тапсырылды.


Жоғары қарай