Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шығыс Қазақстанда 13 жасар қыз суға кетті

2020 жылдың 25 маусым 2020 15:05

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында 13 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Глубокое ауылындағы қазаншұңқырда балалар ересектердің қарауынсыз суға түскен. 2007-2008 жылғы Заманбек, Ералы және Әнуар есімді балалар сол маңайда екі қыздың суға батып бара жатқанын көріп қалады.

Олар бірден құтқарушыларға, полиция мен жедел жәрдемге қоңырау шалып, өздері көмекке ұмтылған.

«Үшеуі 12 жастағы қызды құтқарып алған соң екіншісін іздеуге көшеді. Суға сүңгіген балалар оны тауып алып, жағаға алып шыққан. Ес-түссіз жатқан қызды дәрігерлер лезде ауруханаға жеткізді. Алайда 2007 жылғы баланың өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД дерегінше, өткен жылы суға түсу маусымында ШҚО-да 5 бала суға кеткен. Ал биылғы маусым басталғалы бері осындай 2 қайғылы жағдай тіркеліп отыр.


Жоғары қарай