Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда 140 млн теңгенің субсидиясын заңсыз алған шаруа ұсталды

2021 жылдың 29 қараша 2021 17:38

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы 140 миллион теңгеге мемлекеттік субсидияларды заңсыз алу дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында кәсіпкерлерге бюджеттен қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, белгіленген ережелерді бұза отырып, субсидия алу деректері болып жатыр.

Осылайша, Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті бірқатар үлестес кәсіпорын басшыларына қатысты субсидияны заңсыз алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ЖШС басшыларының бірі 2019-2020 жылдар аралығында «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалпы сомасы 140 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алған.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы үлестес кәсіпорындармен 1000-нан астам асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу туралы жалған шарттар ұсынған.

Ұйымдастырушы қамауға алынды.

Тергеу жүріп жатыр, басқа ақпарат жария етілмейді.




Жоғары қарай