Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шығыс Қазақстанда 3 мыңнан астам адамды кене шаққан

2020 жылдың 30 маусым 2020 14:23

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 3 мыңнан астам адамды кене шақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, эпидемиологиялық маусым басталғалы бері 9 эндемиялық аймақта 3 202 тұрғынды кене шақты. Өткен жылы бұл көрсеткіш – 3 229 құраған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі - 31,1%.

Кене шаққандардың 86%-ына, яғни 2 733 адамға инфекциядан қорғау үшін вирусқа қарсы иммуноглобулин салынды. Ал 17,2%-ы медициналық мекемеге кеш жүгінгеніне, өзінің бас тартуына және соңғы күндері иммуноглобулиннің жетіспеушілігіне байланысты егілмеді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кенеден зардап шеккендердің үлесі бойынша көш басында Өскемен (40%) тұр.

«Эпидемиологиялық маусымның басынан кене энцефалитінің 12 жағдайы тіркелді. Бұл пациенттердің ешқайсысы аурудың алдын алу мақсатында кене шаққанын айтып, дәрігерге хабарласпаған. Сондай-ақ олар кенеден қорғану үшін сақтық шараларын ұстанбаған», - деп хабарлады департамент өкілдері.

Жоғары қарай