Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Шығыс Қазақстанда 38 жеткіншекке ноутбук сыйға берілді

2020 жылдың 2 маусым 2020 05:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Биыл коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық Балалар күні қашықтан аталып өтуде. Соған қарамастан Шығыс Қазақстан облысында бүлдіршіндерге арналған әртүрлі бағдарламалар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде бүгінгі мерекеге орай 188 мың бала онлайн режимде ойын-сауық бағдарламаларын тамашалап, хайуанаттар бағын видео арқылы көріп, дөңгелек үстелге қатысқан. Сондай-ақ олар ғаламтор арқылы ұйымдастырылған дойбы мен шахмат турниріне қатысты.

Бұдан бөлек, балалар музыкалық марафон мен түрлі флешмобтарға, акцияларға қатысып, онлайн-концерттерді тамашалады.

«Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясы аясында «АҚЫЛДЫ AWARDS 2020» жүлдесінің жеңімпаздары онлайн режимде марапатталды. Аталмыш жүлдені «Алтын белгі» иегерлері қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының 5 гранты тағайындалды. «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында өтініш білдірген 1665 баланың тілегін демеушілер, меценаттар мен өзге адамдардың өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар орындады. Соңғы бес жылдың ішінде аталмыш акция аясында 10 мыңнан астам баланың арманы орындалды» делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сонымен қатар облыс әкімі Даниал Ахметовтің атынан 38 балаға жаңа ноутбук табысталған. Олардың дені - аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар мен жетімдер.









Жоғары қарай