Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда аю атқан браконьер ұсталды

2021 жылдың 10 қараша 2021 14:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында аю атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Браконьер» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде. Шара барысында заңсыз аю атқан Алтай ауданының 45 жастағы тұрғыны ұсталды.

«Ол Тұрғұсын ауылының маңында аюды тұзаққа ұстап алған. Етін өзіне алып, терісін сату үшін дайындауға ниеттенді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабына (Заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын сомасы анықталуда», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жедел алдын алу шарасы басталғалы бері полицейлер 200-ден астам рейд өткізді. Нәтижесінде, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 420 фактісі тіркелді.


Жоғары қарай