Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда биыл 70-тен астам монша өртенді

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 20:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 70-тен астам монша отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы уақытта өңір бойынша монша өрті жиілеп кетті. Соңғы оқиға 22 қыркүйекте Өскемен қаласындағы Пограничная көшесінде болған.

«Өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл келіп жетіп, 15 шаршы метрді шарпыған жалынды ауыздықтады. Өрттің шығу себебі – пеш мұржасын төбе жабындысының ағаш құрылымдарынан шығару кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы блып отыр. Дәл осындай себеппен бір күн бұрын Риддердегі Малая Таловка көшесінде орналасқан жер үй қасындағы монша өртенді. Өрт сөндірушілері көп ұзамай қызыл жалынды өшірді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жыл басынан бері облыс бойынша 70-тен астам монша өртенген. Статистика көрсеткендей, моншалар көбінесе пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудан, отты абайсыз пайдаланудан, электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзудан өртеніп жатады.





Жоғары қарай