Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда биыл 90 көше атауы өзгертілді

2021 жылдың 11 мамыр 2021 21:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында биыл 90 көше атауы өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл 2021 жылы облыс бойынша 90 көше атауы өзгертілген. Оның ішінде идеологиялық тұрғыдан ескірген - 39, тарихи және географиялық атаулар қайтарылғаны - 16, жалпы атаулар берілген - 35, танымал тұлғалардың есімдері берілген - 41 көше бар.

«Елді мекендердің, нысандардың, көшелердің мен құрамдас бөліктерді қайта атау және оларға атау беру кезінде халықтың этникалық құрамы, жұртшылықтың пікірі ескеріледі. Барлық рәсімдер қатаң түрде заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Облыста тіл саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ», - деді ШҚО Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Толқын Берікбекова.

Айта кетейік, былтыр аймақ бойынша 157 көше, 2 елді мекен және 21 нысанның атауы өзгерген. Оның ішінде идеологиялық тұрғыдан ескірген - 65 көше, тарихи және географиялық атаулар қайтарылған - 35, жалпы атаулар берілген - 57, танымал тұлғалардың есімдері берілген - 63 көше бар.



Жоғары қарай