Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда биыл ЭКО-ға 500 квота бөлінді

2021 жылдың 4 наурыз 2021 13:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 500 квота бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Осылайша, биыл Эко» үшін квота 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейді.

Шығыс Қазақстанда 2021 жылы ЭКО-ға 500 квота бөлінген. Квота алу үшін ең алдымен тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша медициналық мекемеге барып, бедеулік бойынша тіркелу керек. Содан кейін оның нақты себебі анықталады. Өйткені квотаға сәйкес ЭКО тек әйел бедеулігі және еркек бедеулігінің емделмейтін ауыр түрлері сияқты көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі.

«Мәселен, әйелдер квота алу үшін тексеру нәтижелерін алып, кезекке тұруы керек. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, онда ол репродуктивті технология жүргізетін клиниканы өзі таңдайды. Бүгінгі күні Қазақстанда 19 клиника квота бойынша жұмыс істейді», - деді ШҚО бойынша «Ақсаған сәби» бағдарламасына жауапты акушер-гинеколог Надира Слямханова.


Жоғары қарай