Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда дала өрті 25 гектар жерді шарпыды

2021 жылдың 20 маусым 2021 16:01

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер жалпы ауданы 25 гектарды құраған жалынды сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушыларға Тарбағатай ауданында шөп өртеніп жатқандығы жайлы хабар түскен.

«Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 25 гектарды құраған тілсіз жауды сөндірді. Өртпен күреске жеке құрамнан 6 адам мен 1 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардан 6 адам мен 2 техника тартылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, Өскеменде өрт сөндірушілер қоқыс полигонындағы ауқымды өртті сөндірді. 500 шаршы метрге жайылған қызыл жалынды өшіруге 13 құтқарушы, 3 өрт сөндіру көлігі және «Спецкоммунтранс» ЖШС-ның су тасымалдаушы көлігі жұмылдырылды.


Жоғары қарай