Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда экологияны жақсарту мақсатында 800-ден астам шара өтті

2021 жылдың 27 шілде 2021 22:54

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 800-ден астам шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында биыл Өскемендегі 23 дүкенде мұқтаж жандарға арналған «Қайырымдылық сөресі» акциясы өтті.

Бұл жайлы облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз брифингі барысында ШҚО жастар ресурстық орталығының басшысы Арайлым Есімбекова айтып берді.

«Акция аясында ірі сауда орталықтарындағы сөрелер азық-түлікпен толтырылып, тегін таратылды. Сонымен қатар облыс бойынша балалар ауруханаларында бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында «Бала жүрегі» акциясы ұйымдастырылып, иммунитетті көтеретін өнімдер мен ойыншықтар сыйға берілді», - деді ол.

Бұдан бөлек, өңір жастарының көмегімен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған 800-ден астам шара ұйымдастырылған.

«Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында өткізіліп жатқан шаралар осымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да жалғасын табады.


Жоғары қарай