Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеу 30 мамырға дейін ұзартылды

2021 жылдың 14 мамыр 2021 20:17

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 30 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 мамырға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 14,2%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,002.

«Қызыл аймақта» тұрған Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында вирус жұқтырғандар саны одан сайын артып кетпес үшін шектеу шараларының сақталуын қатаң қадағалау қажет», - делінген құжатта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде 137 нысан «Ashyq» жобасына қатысқанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай