Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда қарғын суды бұру жұмысы жүргізіліп жатыр

2021 жылдың 9 сәуір 2021 02:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қарғын суды бұру жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Глубокое ауданында арық жүйесі арқылы өтетін қарғын су Казаченко көшесіндегі көлік жолына шығып кеткен.

«Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қазіргі уақытта арнайы техника мен жеке құрамның көмегімен Ертіс өзеніне су бұру жұмыстарын қолға алған. Су басқан үйлер жоқ» делінген хабарламада.

Ведомство дерегінше, аталған аумаққа 350 дана ыдыс-қап төселді. Оқиға орнында барлығы 2 техника мен жеке құрамнан 24 адам жұмылдырылған.

Айта кетейік, Глубокое ауданында арнайы штаб жұмыс істейді.

Ондағы мамандар жағдайды бақылап, су басудың алдын алу үшін тиісті шараларды атқаруда.


Жоғары қарай