Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда оқшаулау режимін бұзған 16 адамға айыппұл салынды

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 21:49

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған 16 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқшаулану тәртібін елемеген 16 адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған.

Оның ішінде Семейден - 13, Өскеменнен - 2 және Алтай қаласынан 1 адамнан анықталып отыр.

«Бүгінгі таңда өңір бойынша «Ashyq» жобасына 8566 нысан (ресми қатысушылар – 8382, сынақ режиміндегілер – 184) қатысуда. Соның нәтижесінде 10 маусым мен 26 қыркүйек аралығында «қызыл» мәртебесі бар 1476 адам, «сары» мәртебедегі 2295 адам түрлі объектілерге кіргізілмеді», - делінген хабарламада.

Осы ретте департамент мамандары үй карантиніндегі облыс тұрғындарын талапты сақтауға шақырады.

Сондай-ақ науқаспен байланыста болған азаматтар басқаларға вирус жұқтырмас үшін оқшаулау режимін қатаң ұстануы тиіс.


Жоғары қарай