Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда полицейлер жоғалған бір үйір жылқыны тапты

2021 жылдың 17 маусым 2021 23:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жоғалған 39 жылқыны иесіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 маусымда Бесқарағай аудандық полиция бөліміне 59 жастағы азамат жүгінген.

Өз сөзінде ол 8-9 маусым аралығында Черемушки ауылының маңындағы жайылымнан 39 жылқысының жоғалып кеткенін жеткізді.

Мал иесіне келген шығын көлемі 23 400 000 теңгені құраған.

«Белгілі болғандай, ер адам бір апта бойы малды өз бетімен іздегенімен одан еш нәтиже шықпаған. Полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Үш мобильді топ құрылып, көршілес Павлодар облысына жол тартқан. Жақын маңдағы барлық шаруа қожалықтары түгел тексерілді. Іздестіру жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен басқа малшылар да тартылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осының нәтижесінде, бір үйір жылқы Грачи ауылының маңынан табылды.

Мал иесі өз кезегінде тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.


Жоғары қарай