Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда рұқсат етілмеген қоқыс орындарының 87% жойылды

2020 жылдың 23 қазан 2020 23:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов Шығыс Қазақстан облысындағы стихиялы қоқыс орындарын жою туралы айтып берді.

Биыл «Қазақстан ғарыш сапары» акционерлік қоғамы жүргізген ғарыштық мониторинг кезінде ШҚО-да 569 стихиялық қоқыс орны анықталған.

- Біздің басқарма экология департаментімен бірлесіп, қоқыс тастайтын жерлерді жою кестесін әзірлеп, бекітті. Қала және аудан әкімдіктерінің көмегінің арқасында бүгінгі күні 497 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды, - деп атап өтті Нұрлан Рамазанов.

Оның сөзіне сенсек, бұдан басқа Өскемен және Семей қалаларында заманауи қоқыс өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Рұқсат етілмеген қоқыс орнын жою жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі.


Жоғары қарай