Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шығыс Қазақстанда шетелге кететін түлектердің саны азайды

2020 жылдың 4 маусым 2020 20:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп бітірушілер арасында шетелге оқуға кететіндер азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен қолға алынған «Білікті маман» жобасының нәтижесінде өңірде шетелде білім алғысы келетін түлектердің саны төмендеген. Бұл туралы ШҚО ақпарат орталығында өткен баспасөз брифингі барысында облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлімдеді.

«Биыл Өскемен мен Семей қалаларындағы мектеп түлектерінің 394-і шетелде оқуға ниет білдірді. Олардың мұндай таңдау жасауына отбасымен бірге өзге елге қоныс аударуы себеп болып отыр. Риддер, Курчатов қалалары мен Шемонайха, Алтай аудандарындағы түлектердің шетелге кетуі бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір азайды», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде мектеп бітірушілердің 40 пайыздан астамы облыстағы оқу орындарында білім алғысы келеді. Қалғандары еліміздің өзге аймақтарына оқуға түсуді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО түлектерінің ҰБТ-ны 16 өткізу пунктінде тапсыратыны хабарланған.


Жоғары қарай