Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда той өткізуге рұқсат берілді – фейк

2021 жылдың 26 мамыр 2021 18:27

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында той өткізуге рұқсат берілгендігі туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір аумағында той өткізуге рұқсат берілгендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанда адам көп жиналатын салтанатты шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге болатындығы жайлы ақпарат тарап кетті. Бұл шындыққа жанаспайды. Аймақ бойынша тек Ashyq жобасына қатысатын банкет залдарына тек еске алу шараларын өткізуге рұқсат берілген», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Бұқтырма су қоймасындағы, Алакөлдегі және «Рахман қайнарлары» санаторийіндегі демалыс базалары Ashyq жобасымен жұмыс істейтіндігін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай