Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстандағы қорықта 400 жылдық балқарағай өсіп тұр

2021 жылдың 25 мамыр 2021 22:32

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында 400 жылдық балқарағай өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Риддер аумағында орналасқан Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығында 400 жылдық балқарағай өседі.

Оны жергілікті қорықшылар «орман патшасы» деп атап кеткен.

«Аталған балқарағай Линейский жотасында өседі. Негізгі діңінің диаметрі – 2 метр, биіктігі – 18,5 метр. Жасы – 400 жылдан асады. Ағаш жеміс беріп тұр. Балқарағайдың жаңғағымен ормандағы барлық тіршілік иесі қоректенеді. Егер ол жеміссіз болса, тайганың тұрғындары да өмір сүре алмайды. Балқарағайға ешбір ағаш тең келмейді. Бұл ағаш Сібір және Алтай халықтары үшін киелі саналады», - деп жазылған қорықтың Instagram желісіндегі парақшасында.

Балқарағай қорықтың барлық аумағында өседі. Қорықшылардың айтуынша, орман аумағында өрт жиі шықса балқарағайдың саны біршама азайып кетпек. Сондықтан өңір жұртшылығы орманға барған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы қажет.

Естеріңізге сала кетсек, 10 мамыр күні Риддер орман шаруашылығында шыққан алапат өрт 300 гектар аумаққа жайылған болатын.


Жоғары қарай