Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шығыс Қазақстанның тағы бір қаласында «Сергек» камералары іске қосылады

2022 жылдың 26 сәуір 2022 19:05

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында «Сергек» камералары іске қосылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, осы уақытқа дейін Риддердегі көлік қозғалысын жол сақшылары қадағалап келді.

Енді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жолдағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында көшелерге «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің камералары орнатылады.

«Полиция департаментінің қызметкерлері қалаға келіп, осы бойынша талқылау өтті. Енді жақын арада көлік көп жүретін жерлерге 60 бейнебақылау камерасы орнатылады. Олардан түсетін ақпараттарды бір жерде тексеріп отыру үшін арнайы орталық та ашылады», - дейді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горковой.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде «Сергек» камералары маусым айында іске қосылатынын хабарлаған едік.


Жоғары қарай