Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыста өсірілетін балық көлемі 2030 жылға қарай 4 мың тоннаға жетуі тиіс

2020 жылдың 24 қазан 2020 02:00

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін форель өсірумен айналысатын шаруашылықтардың жұмысымен таныстым. Кәсіптің бұл түрімен жақында айналыса бастағандықтарына қарамастан, қарқынды түрде дамуға мүмкіндігі бар бизнес деп сенімді түрде айта аламын. Өйткені, адам баласы аптасына кем дегенде 150 грамм балық жеуі керек, ал Шығыс Қазақстан тұрғындары арасында йод жетіспеушілігі сияқты өзекті мәселе бар екенін ескерсек, балықты рационға қосу қажеттігі айтпаса белгілі. Менің ойымша, көптеген адамдар осы фермаларда өсірілген форельдің сапасын сынап та көрді. Бұл - экологиялық таза өнім» деп жазды облыс әкімі Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, шаруашылықтар өз жұмысында отандық кәсіпорындар өндірген материалдарды пайдаланады. Ал балық халықаралық тәжірибе мен технологияға сай өсіріледі.




«2030 жылға қарай өңірде өсірілетін балық көлемі 4 мың тоннаға жетуі тиіс екенін атап өткім келеді. Бұл - нақты мүдде. Қазір Үкімет басшысы Асқар Ұзақбайұлы Маминнің тапсырмасына сәйкес, біз нақты индикаторлар мен субсидиялау, жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу және басқа да мемлекеттік қолдау шараларының басым бағыттары көрсетілген балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірледік. Мұның бәрі бизнестің бұл түрін дамытуға және онымен айналысуға өзге де кәсіпкерлерге жол ашады. Өйткені, біздің аймақта бұл үшін барлық қажетті табиғи-климаттық жағдайлар бар. Жақын арада Шығыс Қазақстан балық экспорты бойынша елдегі көшбасшы өңірлердің біріне айналатынына сенімдімін» дейді Даниал Ахметов.




Әкімнің мәліметінше, Қазақстан халқы балықты тұтыну бойынша 134-ші орында тұр.





Жоғары қарай