Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты жұмысын қайта бастайды

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 18:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты 13 қаңтардан бастап өз жұмысын жалғастырады. Бұл туралы курорттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аспалы жолдардың жұмыс уақыты:
«Медеу-Шымбұлақ» 08:30-18:00
«Комби-1» 09:00-17:00
«Комби-2» 09:00-16:30
Түнгі сырғанау тоқтатылды»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салсақ, 2021 жылдың желтоқсан айында Алматыда өткізілген V қысқы Спартакиададағы тау шаңғы спорты, аралас шаңғы, сноуборд, фристайл-могул, фристайл акробатика жарыстары «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өткен болатын.
Жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласының спорт басқармасы ұйымдастырған.


Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Жоғары қарай