Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Шымбұлақ ТМД бойынша үздік демалыс орындарының үштігіне енді

2019 жылдың 25 шілде 2019 20:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейлік ТурСтат сарапшылар агенттігі ТМД елдері арасындағы жазғы демалысты өткізу орындарының рейтінгісін жариялады. Шымбұлақ тау-шаңғы курорты тағы да үздіктер қатарында, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Сараптама бойынша Іле-Алатау шыңындағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты үздік үштікке кіріп, екінші орынды иеленген. Жазғы демалысты белсенді өткізуге қолайлы деп Сочидің қызыл алаңы аталса, үшінші орында Қырым курорты тұр.

Бұл рейтинг курорттардың танымалдылығы мен инфрақұрылымының дамуы және көліктік қолжетімділік бойынша жасалған. Сарапшылардың пікірінше, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының қалаға жақын орналасуы туристтерді, әсіресе жаяу жүргіншілерді көптеп қызықтырады.

«Әрине бұл жетістіктер ауқымды жұмыстардың нәтижесі. Жыл сайын бізге келушілер саны артып отырғаны рас. Былтыр қыс пен жаз мезгілдерін есептегенде 550 мың адамды қабылдадық. Ал биыл бұл көрсеткіш 100 мыңға артып отыр. Олардың 25 пайызынан астамы шетелдіктер», - дейді «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының даму бойынша бас менеджері Юрий Кохович.

Басты сөздер: Алматы, Туризм, Спорт, Экология,
Жоғары қарай