Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымбұлақта шыршалар кесіліп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды - әкімдік

2021 жылдың 25 наурыз 2021 20:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық белсенділер «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайл жарысына арналған жерде шыршалардың тұтас баурайы кесіліп жатқанын айтып шағымданды. Әкімдік бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында фристайл жарысына арналған жерде шыршалардың кесіліп жатқанын білдім. Оталған ағаштарды тау баурайына тастаған. Ол жерден ештеңе көрінбейді», - деп жазды Facebook парақшасында экобелсенді Салтанат Тәшімова.

Қалалық жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында фристайл жарысына арналған жерде шыршалардың тұтас баурайы кесілгені туралы жарияланым пайда болды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. «Медеу» саябағы бұл ауданда орманды кесу бойынша ешқандай жұмыс жүргізген жоқ, өйткені бұрын бұл баурайда жасыл желек өспеген. Бұл жер кеңес өкіметі кезінде акробатиканы оқыту үшін қолданылғанын ескертеміз», - деп атап өтті Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы.


Жоғары қарай