Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкент әуежайы 5,2 млрд теңгеден астам сомаға саудаға қойылды

2020 жылдың 25 қазан 2020 17:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Электрондық сауда алаңында Шымкент әуежайы 5,2 млрд теңгеден астам сомаға аукционға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, әуежайдың бастапқы бағасы 5 234 000 000 теңге сомасында белгіленген. Кепілдік жарна – 785 100 000 теңге. Өтінім қабылдау биылғы 3 қарашаға дейін жалғасады. Сауда-саттық 3 қараша сағат 10:00-де басталады.

Нысан сенімгерлік басқаруға беріледі.

Тендерлік шарттарға тоқталсақ, сенімгерлік басқаруға берілетін мерзім ішінде нысанның қызмет бейінін сақтау қажет. Осы уақыт аралығында кем дегенде 6 млрд теңге инвестиция салынуы тиіс. Нысанды азаматтық авиация саласындағы заманауи стандарттарға сәйкестендіру үшін оның инфақұрылымына қаражат құю талабы қойылып отыр.

Мұнымен қоса, 2021 жылдан бастап жыл сайынғы таза табысты 150 млн теңгеден кем емес мөлшерде ұлғайтумен шығынсыз қызметті қамтамасыз ету шарты қамтылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Шымкенттегі әуежайдың тендерге түсу заңдылығын тексеруді талап етті.

Осыған дейін аталған сауда 8 қазанда басталуы керек еді.


Жоғары қарай