Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шымкент қалалық туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылдың 2 тамыз 2021 13:53

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ерлан Ермекұлы Қыдыров қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ерлан Ермекұлы 1991 жылы туған.

2013 жылы Малайзияның Лимкоквинг креативтік технологиялар университетін «Экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі» мамандығын бойынша бітірген.

Еңбек жолын «KazPowerCorporation» ЖШС директоры болып бастаған.

Әр жылдары ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы инвестициялық жобаларды қолдау бөлімінің бас маманы, ОҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы сыртқы байланыстар бөлімінің бас маманы, ТО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы, «Turkistan Invest» стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының басшысы, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.


Жоғары қарай